Жетістік тарихы

Жетістік тарихы
«Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС
  • 2 Жылына миллион тонна кен
  • 10 тоннаны құрады
  • 1,8 млрд. теңге инвестицияланды

«Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС «Полиметалл» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. Кәсіпорын 2014 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Әуезов кентінде  кеніш өнімділігі жылына 2 млн. тонна кен-байыту кешенін салу бойынша жобаны іске асыруда. Жоба құрамында алтын бар концентратты өндіруді жоспарлап отыр. Фабрика карьерді пайдалану кезеңінде орта есеппен 10 тонна концентратпен алтын шығарады, ал жерасты кенішін пайдаланған кезде 8 тоннадан астам мөлшерде шығаратын болады. Бүгінгі күні осы жоба компанияның өндірісін кеңейту бойынша «Полиметалды» дамытудың негізгі инвестициялық жобасы болып табылады.  Жобаның басшысы -  Овчинников Юрий Борисович.

Жобаның мақсаты мен идеясы: өнім өндірудің және жүзеге асырудың тұрақты көлеміне қол жеткізу

«Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС бмзнестің әлеуметтік жауаптылығы бағдарламаларына белсенді қатысады. 2014-жылдан бастап 2017-жыл кезеңінде жасалған меморандумдар шегінде әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға 1 млрд. 854 млн. тенгеден астам инвестиция жұмсалды, сонымен бірге, демеушілік және материалдық көмек көрсетуге 35 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді. 


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге